Жолдауды жазасын өтеушілер де тыңдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жабық мекемедегі жазасын өтеушілерде тыңдады.
Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі арнайы контингент өкілдері басты құжаттағы мәселелер көптің көкейінде жүргенін атап өтті.
Айта кетейік, Президент халыққа арнаған Жолдауында азаматтарымыздың құқығын қорғау саласында кешенді шаралар қолға алынған жеткізді.
Есен ӨТЕУЛІ