Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен бостандыққа шықты.
Айта кетейік, еркіндікке жолдама алған азаматтың бірі - 37 жастағы Алматы тұрғыны. Оның жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне айыппұлға ауыстырылса, 31 жастағы тағы бір алматылық ер адамның жазасы бостандығын шектеуге алмастырылған.
Бұл күні әлеуметтік іс-шара аясында темір торға тоғытылған қос азаматқа босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді.
Есен ӨТЕУЛІ