Жаңалықтар

Таразда әр сенбі сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Ертең, яғни 31 тамыздан бастап әр сенбі сайын «ӘЛЕУМЕТТІК БАЗАР» алаңында (Жамбыл даңғылы, 18Д) ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері ұсынылатын болады.