Жаңалықтар

«Жамбылда қоныс той көбейді»: Шуда бірқатар отбасы шаңырақты болды

Конституция күні қарсаңында Шу қаласында бірқатар отбасы баспаналы болды. Салтанатты жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, қоныс той иелеріне пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Сонымен қатар аймақ басшысы Гүлзинат Аманжолова есімді көпбалалы ананың жаңа шаңырағына құтты болсын айтып, теледидар тарту етті.

Жаңа көпқабатты тұрғын үй 2 қабаттан тұрады. Мұнда 2-3 бөлмелі 8 пәтер қарастырылған.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен жылы қала тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша 60 баспана табысталған.

Сондай-ақ,  дәл осы ауданға қарасты Төле би ауылында 14 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді. Облыс әкімінің Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін 100 тұрғын үйдің кілтін тапсыру жоспарланған екен.