Партия жобаларының пайдасы мол
Халықтың мүддесін мақсат еткен Amanat партиясы елдің игілігін көздеген көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Партияның Т.Рысқұлов ауданындағы филиалы да осы аймақта жобалардың жемісті жүргізілуіне жұмыс істеуде.
Мәселен, партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ұлттық мұра», «QAISAR», «Таза Қазақстан», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Құқықтық көмек» сияқты аса маңызды жобалары аудан тұрғындарының қолдауына ие болды.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жалғызілікті қарттар, тыл және еңбек ардагерлерінің үй шаруасына көмектесу, медициналық көмек көрсету сияқты шаралар ұйымдастырылды. 9 Мамыр – Жеңіс күніне орай тыл ардагерінің үйіне барып, азық-түлік себеті табысталды. Сонымен қатар, ғасыр жасаған анаға құрмет көрсетілді.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында 8 наурыз мерекесіне орай көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға құрмет көрсетіліп, олардың аналық мейірімдері дәріптеліп, марапаттарға ие болды.
Бүгінгі күні аталған жоба аясында «Баланы мектепке даярлайық» акциясы бастау алды. Аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан 15 оқушыға мектеп құралдары табысталды.
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 1 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, 3 тақырыптық қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, білім бөліміне қарасты психологикалық педагогикалық түзету кабинетімен бірлесіп, «Бала деген бір бақыт» атты спорттық жарыс өткізілді.
«Ұлттық мұра» жобасы аясында ауданда «Ұлттық спорт фестивалі» атты ұлттық спорт ойындарынан жарыс, 22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, домбыра күніне орай мәдени көпшілік іс-шаралар, «Дулат баба» кесенесіне, «Құлан қалашығына» экскурсия ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, «Жастар рухы» жастар қанатының ұйытқы болуымен «Инабатты ару» байқауы өтті.
«Таза Қазақстан» партиялық жобасымен ауданда 4 тазалық акциясы ұйымдастырылды. Аудан аумағындағы саябақтар, скверлер және көше бойы қоқыстан тазартылды. Тазалық акциясына аудандық мәслихат депутаттары, партия аудандық филиалының аппараты, бастауыш партия ұйымы және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері белсенді қатысуда.
«Жер аманаты» бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, Өңірлік Жол картасында 2024 жылға арналған пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қайтару жоспары 6 000 гектарды құрайды. Оның 3045 гектары мемлекет меншігіне қайтарылса, игерілмеген жалпы ауданы 45 мың гектар жайылым сот тәртібімен мемлекет меншігіне қайтарылған болатын. Алайда, бүгінгі күнге «ҚайнарАгро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің талабына сәйкес Жамбыл облысы апелляциялық сот алқасының қарауында.
Өткен жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған 13 мың гектар жер учаскесін қайтару жоспарланған. Іс жүзінде 18611 гектар жер қайтарылды. Яғни, бекітілген жоспар артығымен орындалып, 153 пайызды құрады. Мұндағы қайтарылған жерлердің 18240,77 гектары жайылым болса, 370,23 гектары егістікті құрайтын жер телімдерінің жерге қатысты құқығы тоқтатылды.
Ал, «Ауыл аманаты» жобасы 5 ауылдық округте, яғни Құмарық, Абай, Көкдөнен, Көгершін, Жаңатұрмыста жүзеге асты. Жалпы, 2636 аула қатысып, 4,4 миллиард теңге несие берілді. 793 тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 826 адам жұмыспен қамтылды. 32479 мал басы, 30 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Жобаның 5-ші бағыты аясында 8 кәсіпкерлік нысан ашылып, 21 адам жұмыспен қамтылды.
Партияның тағы бір жемісті жобасы – «Қарызсыз қоғам». Бұл, әсіресе қазіргі уақытта халықтың қаржылық сауатын арттыруға үлкен септігін тигізіп отыр. Қолда бар қаржысын үнемдеп жұмсап, ең тиімді іске арнауды үйрететін пайдалы курстар өткізіліп келеді. Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында жыл басынан бері 753 адам арнайы курсынан өтіп, сертификаттарға ие болды. Өткен жылы бұл жобаның курстарымен 13 округте 900 адам қамтылған болатын.
Қанатбек АРЫСТАНБЕКОВ,
Amanat партиясы
Т.Рысқұлов аудандық
филиалының төрағасы