Көшпенділер ойындарында 17 жамбылдық спортшы бақ сынайды
8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Байрақты бәсекеге Жамбыл облысынан 17 спортшы қатысып, ел намысын қорғайды. Олар спорттың 8 түрі бойынша бақтарын сынайды. Оның ішінде көкпар, көкбөрі, жамбы ату, құсбегілік, қазақ күресі, кураш (өзбек күресі), ашыртмалы аба гюреши (түрік күресі), белбеу сынды спорт түрлері бар.
Спортшылар жыл басынан бері оқу-жаттығу өткізіп, дайындықтарын пысықтауда.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2800 қатысушы мен ресми делегация мүшелері келеді.
Спорттың 21 түрінен 97 медаль сарапқа салынады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі