Сайлауалды бағдарламалардың орындалуы басты назарда
Партиялардың сайлауалды бағдарламаларының орындалуы ел сенімін нығайта түсетіні белгілі. Бұл бағытта Amanat партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында өңір халқына қолайлы жағдай жасау үшін барлық сала қамтылып, оның нақты орындалу мерзімі белгіленген. Ал, бағдарламаның орындалуы қашанда партия филиалының бақылауында. Осы мақсатта облыстық партия филиалының ғимаратында сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде жол картасындағы 2024 жылға қарасты көрсеткіштердің орындалу жайы қарастырылды. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыстық партия филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов пен басқарма басшылары қатысты. Басқосуда Нұржан Календеров жол картасы аясында жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.