Жаңалықтар

Ұлағатты ұстаз

Талас ауданының Құрметті азаматы, ұстаз, Жамбыл атындағы орта мектебінде 40 жылдан бері дене тәрбиесі пәнінен дәріс беріп келе жатқан Бижігіт Манарбек Патшабекұлы 1 қыркүйекте 63 жасқа толады. Ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып, саналы ғұмырын білім саласына арнаған ағайымызды мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!

Ағайымыз 1978 жылы Талас ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті аяқтап, Алматы дене тәрбиесі институтына оқуға түсті. Еңбек жолын 1982 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастады. Ал, 1985 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Жамбыл атындағы орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқаруда. Еңбек өтілі – 42 жыл. Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді.

Еңбегі ескерусіз қалмады. Аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы мен аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Республикалық «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісімен, «Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалімен және «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Ұстазымыз Бижігіт Манарбек Патшабекұлының зейнет жасына шығуымен құттықтай отырып, ұлағатты ұстазымызға деніне саулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, бейнетінің рахатын көруін тілейміз.

 

Құттықтаушылар:

Талас ауданы, Бөлтірік шешен ауылы,

Ш.Уәлиханов атындағы

орта мектебінің 1984 жылғы

түлектерінің атынан

Рәтбек Несіпбаев