Әлеумет

Шежіреден сыр шерткен шеберлік құралы

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде көпшіліктің назарын аударатын құндылықтар көп. Солардың қатарында кілем тоқитын құрылғы да бар. Осындай құрылғының көмегімен әжелеріміз ою-өрнегі мол кілем, кілемшелер тоқыған.

Кезінде әжелеріміз осындай құрылғыны өздері ағаштан жасап алған. Ол кісілердің қолынан өте сәнді кілемдер шыққан. Бұл құрылғыны аталған музейге Көктал ауылының тұрғыны Сәнімай Қонаева сыйға тартқан екен.

Сәнімай әженің бұл сыйлығы шынымен ерекше. Былай қарасаңыз, ағаштан жасалған қарапайым құрылғы. Бірақ, осы жәдігермен қаншама кілемдер тоқылғаны ғажап. Бұл қазақ әжелерінің ісмерлігін, тігін ісіне шеберлігін көрсететін құндылық. Музейді аралауға келген жас келіндерге үлкен тағылым берері сөзсіз.

 

Есет ДОСАЛЫ

Байзақ ауданы