Табиғаты бөлек талант
Сурет әлемі деген – тылсым сиқыр. Еріксіз арбайды. Сіз еліміздің ірі қалаларында өткен республикалық, халықаралық сурет көрмелеріне өз ақшасымен баратын суретші жайлы естігенсіз бе? Өңірімізде ондай кісі бар. Ол – Қазым Аманқосов. Негізі, кез келген суретші аттам жерде көрмесіне қаражат сұрайды немесе демеуші іздейді. Ал, Қазым ең әуелі әр қалаға қарызданса да өз ақшасымен барған. Есесіне, оны барша өңірлердің суретшілері таниды.Біз бұл туралы Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында Қазым Аманқосовтың шығармашылығына арналған өнер кешінде хабардар болдық.