Хабарландыру

Хабарландыру

Менің тапқан жаңалықтарымды іске асырсақ пайдалы нәтижеге жетуге болады:

Бірінші. «Мұнай (жанармай) қоймаларындағы өрт қауіпсіздігі»

Бұл жаңалық жер жүзіндегі жанармай қоймаларында өрттің алдын алады. Егер, бір себептерден өрт болса, жанармай ыдыстарында орнатылған құрылғы автоматты түрде болған өртті 2-3 минутта өшіреді. Болған өрттен еш адам зақым алмайды, жанармай сапасы бұзылмайды. Өрт жағдайының алдын алуға болады.

Ал, қазіргі кезде жанармай қоймаларындағы болған өрттен көптеген шығындар орын алып жатыр. Бұл жаңалықты іске асыру өте қарапайым.

Екінші. «Көп салалы өрт сөндіру машинасы». Бұл жаңалықтардың ерекшелігі:

а) Бір «заправкамен» тоқтаусыз өртті 24 сағаттай өшіруге қабілетті. Ал, қазіргі кездегі өрт машиналарының өрт сөндіру уақыты 1 сағаттан аспайды.

б) Бұл өрт техникаларын өрттен басқа салаларда пайдалануға болады.

Мысалы: Медицинада – Ыстық бумен. Мал, құс фермаларына қажет.

– Кене, бүрге және тағы басқа түрлі паразиттерді бумен өлтіру.

Коммуналдық шаруашылықта – Ескерткіштердің, ғимараттардың сыртын шаңнан ыстық бумен тазалау.

– Қатты аяздан қатып қалған құбырларды бумен ерітіп, іске қосу.

Тағы айтарым, осы өрт сөндіру техникаларын жасап шығарған мекеме немесе кәсіпкер техникаларды басқа мемлекеттерге сатып, миллиардтаған пайда табуына болады.

Осы жаңалықтарға қызыққан кісілерге өз көмегімді беруге дайынмын.

Менің жаңалықтарым туралы ақпараттарды фейсбуктен Марат Аюбаев деген парақшадан көріп танысуларына болады.

 

Марат АЮБАЕВ,

өнертапқыш.