Елдің тұтқасы – өнегелі отбасы
Әрбір адам баласының өз Отанына деген шынайы сүйіспеншілігі отбасынан басталатыны рас. Оның үстіне, өнегелі жанұядағы жағдай қыз бен жігіттің болашағына да өз әсерін тигізетіні белгілі. Осы себепті, отбасы қоғамның іргетасы және ажырамас бөлігі саналады.
Гвардейск гарнизонындағы 21450 әскери бөлімінің 1-ші танк батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұрат Манабаевтың шаңырағы үлгілі отбасының бірі. Кейіпкеріміз әке сі Әуе схан мен анасы Несіпкүлдің тұңғышы. Мойынқұм ауданы Мирный ауылында дүниеге келген ол саналы ғұмырын Қордай ауданы, Гвардейск қалашығында өткізді. Қалашықтағы Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектепті аяқтап, Гвардейск гарнизонындағы әскери прокуратурада аға инспектор ретінде еңбек жолын бастайды. Әрине, әскери гарнизонда өскен бала кішкентайынан әскери қызметкер болуды армандайтыны айтпаса да түсінікті. Сол секілді Мұрат та ес білгелі офицер болуды мақсат тұтты. Арманына жету жолында жоғары білім алып, көп еңбектенеді. Бұған дейін сан түрлі қызметтің тізгінін ұстаған ол өзінің әскери мансабында сержанттық қызметтен офицерге дейін өсті. Бүгінде оның офицерлік шені – капитан.
Жалпы, осынау әскери қызметкерлерден құралған жас отбасы әскери бөлімдегі үлгілі жанұялардың бірі. Ал, олардың отбасындағы ауызбіршілікке бір-біріне деген риясыз құрметі оң әсер еткеніне күмән жоқ. Бастысы, темірдей талап пен тәртіпке мойынсұнған Мұрат ұл-қызының келешегіне бей-жай қарамайды. Демек, болашақта бұл отбасыдан көпке үлгі етер азаматтар шығары сөзсіз.
Есен ӨТЕУЛІ
Қордай ауданы