Экономика

Жобаның игілігін ел көріп келеді

«Ауыл аманаты» жобасы кәсіп ашып, ісін дөңгелетемін деген қордайлықтарға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Соның ішінде, Кенен ауылдық округінің тұрғындары да бар. 2023-2024 жылдары жобаның екінші бағыты бойынша (мал шаруашылығы) 75 адам 349 миллион теңгеге келісімшартқа отырып, несиелерін толығымен алды. Төртінші бағыт бойынша «Кенен Береке» ӨК қажетті жабдықтармен қамтамасыздандыру үшін 53,8 миллион теңгеге 9 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Бесінші бағыт бойынша (өз кәсібін ашу) құс шаруашылығына 4 адам 34,4 миллион теңге несие алып, іске асырылды.

Жоба берген мүмкіндіктердің арқасында ауыл тұрғындарының ауласына мал бітіп, табысы арта бастады. Сондай азаматтың бірі – Рысқұлбек Ағыбаев. Жоба туралы ақпаратты ести салып, тәуекелге барып, несие алған ол бүгінде еңбегінің жемісін көріп отыр. Үйін кепілге қойып, 4 миллион теңге несие алған Рысқұлбек Ағыбаев сатып алған саулықтардан қозы алып, мал санын көбейтіп үлгерген.

 

Еркін ҚАТБЕКОВ,

журналист 

Қордай ауданы