Жаңалықтар

Ертегі кейіпкерлерімен кездесті

Балалардың әлемі тазалыққа толы, мөлдір дүние. Олардың періште көңілдері талай шығарманың арқауы. Жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өскелең ұрпақ үшін балалар кітапханасының имиджін қалыптастыру, оны маңызды және қажетті екенін көрсету өте маңызды. Осы мақсатта «Кітап мұхитындағы аралдар» жобасы аясында «Мөлдір бұлақ» облыстық оқу-сауықтыру орталығының демалушыларымен «Балалық шаққа саяхат» 4D көрінісі ұйымдастырылды.