Экономика

Келешегі жарқын кешенді жобалар

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бүгінгі күні мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қолдау аз емес. Әсіресе, инвестициялық жобалар мен «Ауыл аманаты» жобасы халықтың үдесінен шығуда. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлебек Құлекеевтің айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы саласына республикалық бюджеттен 39,1 миллиард теңге бөлінген. Оның 19,6 миллиард теңгесі субсидияға, 11,5 миллиард теңгесі «Ауыл аманаты» жобасына жұмсалса, 8 миллиард теңге Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесі бойынша ұсақ шаруаларға несиеге беру көзделген. Бүгінгі күні бұл қаржының 14,2 миллиард теңгесі игеріліп, 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде төленген.