Жаңалықтар

Этноауыл есігіне құлып салынбауы тиіс

Қазақ халқының өзгеден артықшылығы – ұлттық болмысы, көшпенді мәдениеті, киіз үйі, тұлпары, қымызы, қыран бүркіті мен тазысы, күбісі мен диірмені. Бұл бір сөзбен айтқанда – ұлттық бояу. Сол қазақы құндылық пен ұлттық нәрді жас ұрпақтың бойына қалай сіңіреміз, «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп кеудесін соғып тұратын отаншыл жастарды қалай тәрбиелей аламыз?

Әсірелеп айтудың қажеті жоқ шығар. Қазір ауылдан қазақылықтың бояуы, қаймағы мен қайнары кете қойған жоқ. Тіршілік ағынымен біраз адамы қалаға қоныс аударғанымен, елді мекендерде ұлттық болмысымызбен тыныстап отырған тұрғындар баршылық. Дегенмен, ауылда тұрып жатса да қолына әлі күбі ұстап көрмеген, диірменнің тасын айналдырып үлгермеген балалар бар.

Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды ұмыттырмаудың жолы – этноауылдар құру. Осы бағытта құндылыққа мән беріп жүрген кәсіпкердің бірі – қордайлық Мақсат Барманқұл. Жас кәсіпкер Қордай ауданы, Қарасу ауылында біраз жұмыстарды жолға қойып отыр. Солардың негізгісі – этноауыл. Бұл күнде ауыл шетіндегі суы сарқырап ағып жатқан бұлақтың басына екі киіз үй тігіп, оның ішін қазақы құндылықтарға толтырған. Арнайы ұлттық нақышпен безендірілген тапшандар да бар. Мұнда 4-5 бие байланып, келушілерге қымыз, саумал ұсынылуда. Атқа мініп серуендеушілер саны да артып келеді. Осы этноауылға атбасын бұрушылар қазақтың ат әбзелдеріне, қамшысына, күбісі мен диірменіне ерекше мән беруде. Жүрегі қазақ деп соққан Мақсаттың мақсаттары үлкен. Жалпы, қазақы құндылықтар жөнінде Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай:

Ұлттық құндылықтарды қолдау бағытында Меркі ауданында да іргелі істер аз емес. «Меркі» шипажайының маңайында жеке кәсіпкерлер киіз үй тігіп, қазақы құндылыққа назар аударып отыр. Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбеков: «Табиғаты тұмса Меркіде ұлттық құндылықтарға селқос қарауға болмайды. Ертеректе бұл жобаны жақсы жүзеге асырған едік. Қазір де жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен этноауыл жобасын жандандыру мәселесін назарда ұстап отырмыз» десе, Шу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсел Жазықбаева:

Біз осы орайда облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы туризм бөлімінің басшысы Жомарт Хажының пікірін білген едік.

Тағы бір айта кетерлік жағдай, осыдан 5-6 жыл бұрын Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылы аумағындағы «Айша бибі» кесенесінің жанына киіз үйлер тігіліп, этноауылдар жасақталған болатын. Бұл туралы «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени қорық мұражайының директоры Берік Жүсіп:

Ал, Талас ауданының Құрметті азаматы Есенаман Бейсеуов:

Ал, Талас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Мұхтаров:

ТҮЙІН:

Осыдан отыз жыл бұрын ауылдардағы әр шаңырақтың ауласына киіз үй тігетін. Бұл күнде тек атасы мен әжелері бар әулет қана киіз үйді қадірлеп отыр. Оған себеп, бұрынғы киіз үйлер тозды, ескірді. Жаңасын сатып алуға киіз үйдің бағасы өте қымбат. Оның үстіне ауылдан зәулім үй салғандар түрлі бастырмаларды көлеңкелеп, сол жағына көңіл аударып кетті. Дегенмен, біз қашанда қазақы болмыстан ажырамауымыз қажет. Этноауылдар – ұлттық құндылықты дамытудың жарқын жолы екенін жауаптылар мен жас ұрпақ естен шығармаса екен.

 

Есет ДОСАЛЫ