Әлеумет

Ұлыс дәмі ұсынылып, халық әні шырқалды

Бүгінгідей техника ғасырында кешегі ата-әжелеріміздің қол еңбегімен әзірлеген, астарында ұлағаты мол тұрмыстық тұтыну құралдарының ұмыт болып бара жатқаны рас. Өткенін біліп өскен баланың болашағы жарқын болары белгілі. Осыны ескерген Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Қазақтың дастарханы» тақырыбындағы библио-кафе өткізді. Жас оқырмандарына ұлттық салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыпты насихаттайтын «Зере» әжелер клубының ақ жаулықты аналары қол диірменін пайдалана отырып, бидай, арпа, тары, жүгеріден ұлттық тағамдар дайындау жолдарын таныстырды.