Жаңалықтар

Мың тұрғыны бар, бірақ бір кітапханасы жоқ ауыл

«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген нақыл рухани қазынаның баға жетпес байлық екенін аңғартса керек. Жалпы, бір кездері көркем туындылар кез келген кісіден, тіпті жұмысы алашапқын әрбір малшының қолынан табылды. Тіпті, алқапта тер төгіп жүрген сушы да қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтып жүргенін талай естідік. Ал, қазіргі жағдай ше, аймақта қанша кітап қоры, қандай мәселелер мен жаңашылдықтар бар, біз осыны зерделеп көрген едік.

Мемлекет басшысының Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда: «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бейжай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек. Өздеріңізге мәлім, мен былтыр Түркістанда өткен құрылтайда елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу туралы айттым» деген сөзі көңілімізге қанат бітірген болатын. Мемлекет басшысының бұл салаға назар аударуы қуантады. Дегенмен, аудандық және ауылдық кітапханаларда шешімін табуы тиіс мәселелер аз емес.

Әуелі айтарымыз, Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапхананың Аmanat партиясының аудандық филиалының ғимаратында ұзақ жылдан бері отыруы. Президенттің оң көзқарасы әсер етті ме, әлде осынау қордаланған мәселенің шешілер сәті жетті ме, қазіргі таңда аталған ауданның орталығы Аса ауылының кіреберісінде заман талабына сай аудандық орталықтандырылған кітапхана салынып жатыр. Бұйырса, келесі жылы құрылысы аяқталады деген жоспар бар. Бұл туралы бізге Аmanat партиясының аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков:

Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханасы да Аmanat партиясының аудандық филиалымен бір ғимаратта отыр. Аудандық кітапхананың директоры Қайсар Асылбеков:

Бұл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі жағдай. Ал, кейбір аудандағы ауылдық кітапханалардың мәселесі сын көтермейді. Мәселен, Шу ауданындағы Қорағаты ауылдық округіне қарасты ауылдар саны үшеу болса, соның біреуінде ғана кітапхана бар. Қалған Жиенбет, Еңбек елді мекенінің оқырмандары округтің маңдайына біткен Мойынқұм ауылындағы жалғыз кітапханаға қатынауға мәжбүр. Сонда округ орталығындағы кітапханаға 7-8 шақырым қашықтықтағы Еңбектен, 3 шақырым жердегі Жиенбеттен тұрғындар келіп кітап алып оқиды деуге сену қиын. Еңбек ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Бақытжан Ризашбеков:

Біз бұл мәселе туралы Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бағдагүл Дәулетханқызына хабарласқан едік. Ол:

Бұрын Жиенбет ауылында кітапхана болған екен. Ал, біз 1 мыңға жуық тұрғыны бар ауылға жарты бірлік штатпен болса да, неге кітапханашы ұстамасқа деп ойладық. Ауыл тұрғындары да осыған алаң. Сонымен қатар, біз хабарласқан Шу, Байзақ, Қордай аудандарында ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратында, мектепте орналасқан ауылдық кітапханалар саны аз емес екен. Мәселен, Қордай ауданындағы Ноғайбай ауылдық кітапханасы Рза Қунақова атындағы орта мектептің екінші қабатында орналасқан. Яғни, аты дардай ауылдың кітапханасы аядай жерде орналасқан екен. Осы ауылдағы ұстаз Сәуле Нақысбекова:

Сонымен қатар Қордай ауданы, Ауқатты ауылдық округіне қарасты Қызылсай ауылдық кітапханасы да мектептің бір бөлмесін паналап отыр. Бұл туралы Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Әйгерім Қылышбекова:

Қорыта айтқанда, бірқатар аудандардың кітапханаларындағы өзекті мәселелерді айтып өттік. Басқа-басқа аталған бағытты жақсартамын десе Қордай, Шу, Байзақ аудандарының бюджеті көтереді деген ойдамыз. Бәлкім, Жамбыл ауданында жарқыраған жаңа кітапхана ғимаратының тұсауы кесілген күні басқа аудандар да ойланып, оң шешім қабылдар деген сенімдеміз. Ал, оған дейін сала мамандарының күрделі жағдайда жұмыс істей беруіне тура келеді.

 

Есет ДОСАЛЫ