Жаңалықтар

Өңірлік қолбасшылық жас офицерлермен толықты

«Офицер – армияның алтын діңгегі». Жуырда осынау қастерлі атқа ие болғысы келетін бір топ жастар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қатарын толықтырды. Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушыларын қарсы алу салтанаты аталған қолбасшылықтың саптық алаңында ұйымдастырылды. Шара барысында оңтүстіктегі әскердің қолбасшысы Қуанышбек Үштаев болашақ ізбасарларын құттықтап, олардың қиын да қызықты жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде әскерлерді оңтүстік топқа бөлу кезінде жауынгерлерге Қазақстанның Құрлық әскерлерінің ең ірі аумақтық бірлестігі берілгенін атап өтті.