Жаңалықтар

Алаш атын асқақтатқан азамат

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсетті.

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметов төртжылдықтың басты додасында елімізге алғашқы алтынды сыйлап, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Ербол Қарашөкеев чемпион ұлды тәрбиелеп, қолдау көрсеткен жақындарына алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді. Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстады.

Өз кезегінде спортшының ата-анасы Мемлекет басшысы және облыс әкіміне, барша жанашыр жанкүйерлерге деген ризашылықтарын жеткізді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі