Қоғам

Қасиетті орынның қадірін кетірмейік

Әлімсақтан мұсылман екеніміз белгілі. Бабаларымыз ешқашан Құдайға деген құлшылығы мен сеніміне сызат түсірмеді. Ең бастысы ниет түзу болды. Қазір ше? Құлшылық жасаймын деген кісіге мешіт саны жеткілікті. Қай құлшылық орнына барамын деп ешкім бас қатырмайды. Қадам аттаса алдынан мешіт шығады. Шалғай елді мекенге барсаң да басыңды сәждеге тигізер орын табылады.