Білім

Бізге тұрақты қуат көзі қажет

Қазіргі таңда еліміздегі жетпей жатқан электр энергиясын көрші елдерден сатып алатынымыз бәрімізге мәлім, сонымен қатар тұтынудың жылдан жылға өсіп келетінін айта кеткен жөн. Экономикамызды қарқынды дамыту және энергетикалық қауіпсіздік үшін елімізде тұрақты энергия көзі керек.

Баламалы энергия көздері ауа райына байланысты бізге тұрақтылықты қамтамасыз ете алмаса, жылу электр станциялары атмосфераны қатты ластайтындықтан дүниежүзілік экологтардың қыспағында. Қорыта келгенде біздің сұранысты атом электр станциясы толығымен қанағаттандырады, сонымен қатар елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар.

Әлемде ең көп салынған және ең қауіпсіз болып саналатын АЭС-терде сулы атом реакторлар түрі қолданылады. Дәл осындай су-сулы атом реакторы Алматыдан 20 шақырым жерде орналасқан «Алатау» шағынауданындағы Ядролық физика институтында 57 жыл бойын ешбір ақаусыз жұмыс істеп тұр. Осы институт базасында радиациялық қауіпсіздік және ядролық физикалық қауіпсіздік бойынша оқыту орталықтары бар. Демек, бізде керекті негізгі мамандар мен олардың кәсіби біліктілігін жетілдіретін оқу орталықтары бар.

 

Дарын БОРГЕКОВ,

Ядролық физика институты Астана филиалы басшысының орынбасары.