Алты ғасырдың аманаты
Талас – тау мен тасы тарихқа толы киелі мекен. Сондықтан аудандық тарихи-өлкетану музейінде талай ғасырлардан терең сыр шертетін жәдігерлер аз емес. Солардың бірі – Есейхан ауылы, «Жолбарыс қамалы» аумағынан табылған, ХV-ХVІ ғасырларға тән қылыш пен қыш құмыра.