Әлеумет

Тұлға тағдырын танытқан туынды

ХХ ғасырдың 90-жылдарының екінші жартысынан Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың мұрасына елімізде кең көлемде бетбұрыс жасалып, көптеген ғалымдар назар аударып, ол мемлекет қайраткері, қазақ халқының тұңғыш тарихшысы деп қабылданып, мұраларына баса көңіл бөлінді. Ғалым бабаның жарқын істері мен күреске толы ғибратты өмір жолын, тағдыр талайын, шығармашылығын, оның ішінде әйгілі «Тарих- и-Рашиди» еңбегінің мән-маңызы мен жазылу тарихын, әлемдік тұрғыдан зерттелуі мен өзге тілдерге аударылуын, сондай-ақ Орта Азия және қазақ халқының тарихындағы орнын зерделеу, тану алдыңғы кезекте тұрды.