Жаңалықтар

Суға шомылу маусымы: қауіп пен қатер

Жалпы, адам баласы үшін өз өмірінен артық ештеңе жоқ. Бірақ, бір рет берілетін өмірін тәуекелге тігетіндер азаймай тұр. Әсіресе, мұндай «көзсіз батырларды» шомылу маусымында көптеп кездестіруге болады. Өкінішке қарай, «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылатындардың ақылға қонымсыз іс-әрекеттерінің соңы қайғылы оқиғаларға душар етуде. Десе де, төтеншеліктер еліміздегі су айдындарында азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүйелі жалғастырып келеді.