Тоқаев Өзбекстан Президенті Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеген.
Екіжақты диалог барысныда Президенттер мемлекетаралық өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын да талқылаған.