Тараз гарнизонының дәрігерлері оқу-жаттығудан өтеді
Тараз қаласы әскери госпиталінің дәрігерлері жұмылдыру жаттығуын бір жарым ай бойы Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында өткізеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Тамыз айында Сарышаған полигонында өтетін жұмылдыру жаттығуларына әскери міндеттілер тартылған. Егер олар немесе офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер медициналық көмекке мұқтаж болған жағдайда әскери дәрігерлер жәрдем көрсетуге әрқашан дайын.
Модульдік әскери-далалық госпиталь қабылдау бөлімі, операциялық бөлме, таңу бөлмесі, зертхана, рентген жабдықтары, дәріхана, лазарет және көлік сынды барлық қажетті заттармен жабдықталған.
Модульдік госпитальдың құрамдас бөліктері КАМАЗ автокөлігінің базасындағы арнайы контейнерлерге орнатылған. Бұл госпиталь автономды болған жағдайда және кез келген уақытта түрлі бағытта қозғалуына мүмкіндік береді.
Бұл жолы да Сарышаған полигонындағы Тараз әскери госпиталінің әскери дәрігерлері мен медбикелеріне Астана, Алматы, Қарағанды және Үшаралдан келген әріптестері қосылды.