Экономика

Денге – саулық, табиғатқа – қамқорлық

Қазір қоғамды темір тұлпарсыз елестету мүмкін емес. Ғалымдардың зерттеуінше, қазіргі таңда әлемде 1,2 миллиардтан астам автокөлік бар. Автокөліктерден бөлінетін метан газының зардабын азайту барысында елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында автокөліксіз жүру күні белгіленген болатын. Бұл іс-шарадан Жамбыл ауданының жұртшылығы да шет қалмады.

Игілікті іске аудан тұрғындары мен жастар атсалысып, белсенділік танытты. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өткен бастаманың маңыздылығы туралы аталған мекеме басшысы Жандар Тоқсаба айтып өтті.

Айта кету керек, еліміздің бірқатар қалаларында да «Автокөліксіз күн» челленджі өтіп, оған мыңдаған адам қатысты. Жалпы, мұндай акциялар өткізу тәжірибесі мол әлем елдерінде жиі қолдау тауып, тұрақты жүргізіліп тұрады.

 

Нұрболат АМАНБЕК