300-ге жуық сарбаз ант қабылдады
Қазақстан Қарулы Күштерінің қатары тағы да толыға түсті. Енді еліміздің Ақтөбе, Абай, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарымен қатар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген 300-ге жуық жас сарбаз Отан алдындағы азаматтық борышын Ұлттық Ұланның облыс орталығындағы 5513 әскери бөлімінде өтейтін болады. Айбынды ел әскерінің кезекті салтанатты шарасы барысында білекті де жүректі жігіттер егемен елге адал қызмет етуге серт берді. Ресми түрде ант қабылдап, нағыз сарбаз атанған жас жауынгердің бірі – Олжас Тоқсейіт. Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының тумасы біраз жыл оқу оқып, жұмыс істеп әскерге кешірек келгенін жасырмады.