Ана тәрбиесі – тағылым бастауы
Қоғамның басты мәселесі – отбасы құндылығын сақтау. Әрбір шаңырақтың «ауа-райы» қоршаған ортаға әсер етеді. Қазіргі ата- ананың өмірлік ұстанымы әртүрлі. Кейбір ата-ана отбасындағы берекені баласының қарыны тоқ, көйлегі көктігімен өлшейді. Көптеген үйдің отағалары да осындай пікірде жүр...
Көптеген отбасылар жетістікті есепсіз мол байлыққа қол жеткізу, баласын әлеуеті зор мектепте оқытумен өлшейді. Мұндай ата-аналар отбасының жылуына, мейірім, қамқорлық пен жанашырлық атты сезімдерге селт етпейді. Яғни, перзенттің сағынышына, баласының ішкі жан дүниесіне мән бере бермейді. Кейде балаға керегі шалқыған байлық емес, әкенің мейірімі, ананың ыстық алақаны екені белгілі. Қазір кейбір мектептерде жасалып жатқан бұзықтық, тәртіпсіздік, жөнсіздіктің салдары отбасындағы осындай салқындықта жатыр деп айтуымызға болады.
Дегенмен, ұрпағының болашағына мән беріп қарайтын, оларға мейірімін шексіз төгетін отбасылар да аз емес. Солардың бірі – Шу қаласының тұрғыны, ұлты өзбек болса да, қазақтың қадірлі келіні бұл күнде асыл әже Пайзынса Абдрахманова. Бұл кісінің ерекшелігі – отбасым, асыл жарым, ұл-қыздарым деп өмір сүргенінде. Бір жағы жары Қасым мықтылық танытып, өзі ғана жұмыс істесе де, отбасын ештеңеден тарықтырмаған. Пайзынса қазақ отбасына келін болып түскеннен бастап, енесіне, жарына, қайын сіңлісіне қарсы келіп көрмепті. Тіпті, қайын сіңлісі жалғыз болғандықтан, асты- үстіне түсіп ерекше сыйлайды екен. «Осы қыз өкпелеп қалған жоқ па?», «Осы қыздың қабағына кірбің түспесе екен» деп үнемі ойлаудан жалықпаған. Қазіргідей уақытта мұндай жанашыр жандар да азайып бара жатқаны өтірік емес. Мұндай адамды кім жек көрсін. Аз ғана жылдың ішінде Пайзынса қайындарының ең сүйікті жеңгесіне айналды. Осылайша жақсы ана мен жеңге болудың эталоны болды.
Айна лаға асыл қасиеттерімен танылған Пайзынса тағдыр қосқан жары Қасымға өмір бойы адалдық танытты. Екеуі он ұл-қызға ата-ана болып, жеткізді. Әкесі қари, молда болғандықтан ба екен, Пайзынса ешқашан ашуланбайтын, Құран сөздерінің едәуір бөлігін жатқа білетін, иманды қасиетінен танған жоқ. Ұл-қыздары да осындай адал қасиет, ұлағатты тәрбиемен жетілді. Балаларының сабағын жары екеуі қатар отырып қадағалайтын. Қаншама отбасының балалары мұндай ықыласқа зәру болып жүр десеңізші.
Ұлты басқа болса да Пайзынса қазақтың бүкіл ұлттық құндылықтарын жақсы білді. Сиыр сауды, күбі пісіп, құрт жайды. Дастарханын жайып, қонақтардың барлығын қабақ шытпай күтті. Осы тәрбиелі істерді отбасының асыл құндылықтары десек, артық айта қоймаспыз.
Қасым мен Пайзынс а ананың шаңырағындағы осындай тұнық тәрбие ұрпақтарына әсер етті. Таусылмас тағылым болды. Қазіргі таңда перзенттерінің барлығы есейді. Бәрі де қоғамның әр саласында қызметтерде жүр. Үлкен қыздары Ләззат:
Ал, тағы бір қызы Мүбарак Қасымқызы: «Менің алдымда қыз бала көп болғандықтан, бар жұмысты істей беретінмін. Үлкен әпкем Ләззат еркелеу болды. Бірақ, жөнімен еркелейтін. Баланың ешқайсысы шолжаң болып кеткен жоқ. Бала көңілмен анамызды басқа кісілерден қызғанатынбыз. Бәріміз апамның баласымыз деп таласушы едік. «Апамды бір тиынға сатпаймын» деп айтушы едік. Бала кезімізде сатқын дегеннің не екенін де білмейміз ғой. Ол кезде сол заманның көсемдері Ленин, Сталинның атымен ант беруші едік қой. Сонда анамыз: «Ойбу, сонда менің құным бір тиын ғана болғаны ма?», – деп зілсіз жымиып күлуші еді. Ол да бір қызық дәурен екен. Анаммен өрістегі малды күтіп алуға көбінесе мен барушы едім. Анам сол кезде мені:
Біз баяндап отырған үлкен әулеттің берекесі әрбір шаңыраққа үлгі. Мұндай бақыт әр отбасында бола бермейтіні анық. Оның себебі ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілікте жатыр. Ынтымағы мен берекесі сақталған шаңырақтан тұнық тәрбие алған баланың жамандыққа беттеуі мүмкін емес. Өйткені, шаңырақтың шаттығы әр балаға әсер етеді. Осыны естен шығармасақ екен.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы