Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, он бесінші сессиясы 2024 жылдың 28 маусым күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
- 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы.
- Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала ұйымдарында тамақтану стандарттары талаптарының сақталуы жэңе бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы туралы.
- Жамбыл облыстық мәслихатының әлеуметтік салалар, жастар ісі, құқықтық тәртіп және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы.
- Әр түрлі мәселелер.
Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев