Аймақ

Нәзікжанды қоғам сақшысы

The final spritzer

Сұлулықтың символына айналған нәзікжандылардың да бұл күнде ер азаматтармен бірге иық тірестіріп, еліміздің қалқаны болған қауіпсіздік саласында қызмет етіп жүргені аян. Құқық қорғау саласы басына бақ болып бұйырған қазақ қызының бірі – Нұрсұлу Кенішбаева. Ол бүгінгі таңда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инпекторы болып қызмет етеді. Қазір оның офицерлік шені – әділет капитаны.