Жаңалықтар

Еліміздің 8 оқу орнында жасанды интеллект мамандарын дайындайды

Бұл туралы бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке қабылдауында баяндады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz Ақордаға сілтеме жасап

Ведоство басшысының айтуынша, қазір 8 жоғары оқу орнында 15 білім беру бағдарламасы бойынша 2000-нан астам студент жасанды интеллект саласын оқып жатыр. Цифрлық экономикаға бейімделген кадрлардың әлеуетін дамыту үшін Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System және Huawei сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған. Сондай-ақ жасанды интеллект саласында мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 стипендия бөлу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, министр елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылғанын жеткізді.