Жаңалықтар

Бірлігі бекем отбасы – сан салада жеңімпаз

Ұлттық қасиетімізді құнттап, дәстүрлерімізді дәріптеу бүгінгі ұрпақтың қастерлі парызы. Ал, мұндай ұлық құндылықтар ұрпақ бойына отбасы арқылы ана сүтімен, әке тәрбиесімен дариды. Сол себепті де қай қоғамда болсын отбасы институтын дамыту аса маңызды. Өйткені, отбасы кез келген мемлекеттің тірегі саналады. Осы мақсатта елімізде жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы ұйымдастырылып келеді. Ақтық мәреге дейін екі кезеңді қамтитын байқаудың аймақтық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.