Спорт және туризм

Өзі де, ұлдары да алтыннан алқа таққан

Меркілік ағайынды спортшылар Абзал мен Дәулеттің бабы келісіп, бақтары жанып тұр. Екеуі де ата-аналары Ерболат пен Раушанның үміті. Абзал Тулыбеков бұл күнде жамбы атудан Азия және әлем чемпионы. Әттең бұл спорт олимпиадалық спорт түріне жатпайды. Әйтпесе, Абзалдың Олимпиада төрінде атой салғанына барша отандастары куә болар еді. Абзалдың жұбайы Лаура да танымал спортшы. Дзюдо күресімен айналысып, облыс, республика көлемінде қыздар арасында біраз жүлде алған. Қазір баланың күтімімен үйде. Абзал екеуі екі перзент тәрбиелеп отыр.