Жазғы жемістердің сапасына бақылау бар ма?

Жаз келе салысымен қара базарда қауын-қарбыздан аяқ алып жүре алмаймыз. Базарды қойып, көше бойларында да үйілген жемістерге еміс-еміс көз түседі. Алайда, барлығы дерлік көрші өңірлерден келген бақша дақылдары. Сарыағаш, Шардара, Арыс, тағысын тағы… Мұндайда «Жамбылдың ыстық аудандарында қауын-қарбыз өсіретін шаруалар өңірді жеміспен толық қамтамасыз ете алмай ма?» деген заңды сұрақ туады. Ал олардың сапасы өз алдында бөлек мәселе.