Жаңалықтар

Мәселе шешіліп, мақсат орындалуда

Мемлекет басшысының тапсырмасының бірі – өнеркәсіпті дамыту, инвестиция тарту. Бұл жұмыстар Байзақ ауданында жоспарлы жүзеге асырылуда. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың айтуынша, биыл бес айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,6 миллиард теңгені құраған. Ауданда өнеркәсіп өнімін өңдейтін 20 заңды тұлға, 10 жеке кәсіпкер тіркелген. Өкінішке қарай, оның ішінде 7 заңды тұлға мен бір жеке кәсіпкерлік кәсіпорын жұмысын талапқа сай жүргізе алмай отыр екен. Бұдан бөлек, 4,5 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім 71,4 пайызға жеткен.