Жаңалықтар

Алғаш рет ветеринария күні аталып өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ветеринария саласын реформалау, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындау, үрдістерді цифрландыру, мал дәрігері мамандарын дайындап, жалақыларын өсіруді билікке тапсырған болатын. Президентіміздің осы Жолдауынан кейін ветеринария саласына көп көңіл бөліне бастады. Қазіргі таңда ауылдық жерлердегі ветеринария мамандарының жалақылары жоғарылап, әлеуметтік қолдау шаралары күшейген.

Биыл елімізде алғаш рет «Ветеринария қызметкерлерінің күні» аталып өтуде. Әлемнің бірқатар елінде бұл мереке жыл сайын сәуірдің соңғы сенбісінде тойланады. Атаулы күн жануарлардың денсаулығы мен олардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринар мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған.

Жарыс қорытындысында жүлделі үшінші орынды ҚР АШМ «Республикалық ветеринариялық зертхананың» облыстық филиалы мен Шу ауданының ветеринариялық бөлімі иеленді. Ал екінші орын Қордай командасына берілсе, бірінші орынды Талас ауданының ветеринарлары өз мықтылықтарымен жеңіп алды. Жеңіс тұғырынан көрінген командалар қаржылай сыйлыққа ие болды.

Мерекелік іс-шара Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты. Оған облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, басқарма басшысы Нұржас Құрмантаев қатысып, сала мамандарын мерекемен құттықтап, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар тапсырды.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ