Әлеуметтік көмек алушылар 8 мыңға азайған
Халықты тұрақты жұмыспен қамтып, тұрғындардың әлеуетін арттыру қашанда күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін өткен жылы өңірде облыстық еңбек мобильді орталығы құрылып, Тараз қаласы мен аудандарда мансап орталықтары ашылған. Жұмыспен қамту межелерін орындау тек мансап орталықтарына ғана емес, жергілікті жердегі әкімдіктерге де тапсырылып, белсенді шараларды іске асыру міндеттелген. Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов алғашқы жартыжылдықтағы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.