Спорт және туризм

Терілі кесте – тарихтан сыр шертеді

Жәдігерлер – көне тарихтың куәсі. Тарихтан сыр шертетін біздің асыл – мұрамыз, құнды жәдігерлер туралы кеңінен атап өтуге болады. Баяғыда әжелеріміз теріні илеп, өңдеп, одан аяқ киім, сырт киімдер тіккен. Тіпті, мата тапшы болған кезде теріге түрлі өрнектермен кесте өрген.

Жалпы өңір мұражайындағы кез келген экспонат құнды. Мәселен, ХІХ ғасырдың басынан сақталып келе жатқан суреттегі терілі кестенің 200 жылдық тарихы бар. Бұл ірі қара малдың терісін өңдеп, оған түрлі-түсті жіппен гүл дестелерін салып кестеленген жәдігер. Оның бетінде жапырақ пен гүлдердің суреттері бейнеленген.

Оның айтуынша, аудандық тарихи- өлкетану музейінде 3000-нан астам жәдігер бар. Әр жыл сайын толықтырылып отырады.

 

Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ