Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: қордайлықтар «қоқыссыз қаланы» құптайды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауылындағы «Ноғайбай би» атшабарына сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Елді мекендердегі қоршаған ортаны қорғауға және таза ұстауға бағытталған шарада жас белсенділерден құрылған еріктілер тобы атшабар аумағын қоқыстан тазалап, жасыл желектерді суғарды.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауылының «Барыс-2» базарында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Жалпы Қордай ауданында экологиялық акция аясындағы тазалық жұмыстары үздіксіз жалғасып, еріктілер, жергілікті тұрғындар және мемлекеттік мекемелер бірігіп, түрлі экологиялық шаралар өткізуде.