Жаңалықтар

Байзақтық тұрғындар тазалық акциясына атсалысты

Бүгін «AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы өз жалғасын тапты.

Акция қатысушылары аудан орталығы Сарыкемер ауылын жағалай ағатын «Талас» өзені айналасындағы қоқыстарды тап-тұйнақтай тазартып, шөптерді шапты.Сонымен қатар, Сарыкемер ауылындағы тротуар бойларын ретке келітіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Шараға «AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, іскер әйелдер қауымдастығы мен мемлекеттік қызметшілердің «Руханият» волонтерлік қозғалысы және партия аудандық филиалының қызметкерлері белсене атсалысты.

Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Ал, қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді.