Жаңалықтар

Хабарландыру!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.

Нысан: «17 ірі панельді 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы», орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала шағын ауданы:

1) 50 үй;

2) 61 үй;

3) 62 үй;

4) 63 үй;

5) 71 үй;

6) 75 үй

«Таза» әрлеуде.1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 160000 теңге,

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 360 пәтер

  • 1 бөлмелі, 120 пәтер, максималды ауданы 35,35 ш. м.;
  • 2 бөлмелі, 120 пәтер, максималды ауданы 52,25 ш. м.;
  • 3 бөлмелі, 120 пәтер, максималды ауданы 68,83 ш. м.

Брондау: «10» шілде 2024 жылғы 10:00 сағ. бастап  «15» шілде 2024 жылғы 23:00 сағ. (Астана қаласының уақыты бойынша) дейін.

Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Тұрғын үйді бөлу кезінде азаматтардың мынадай санаттары басымдыққа ие:

- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

Маңызды! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар «I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар» санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.

Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.