Миссионерлік қызметтің міндеті
Миссионер сөзі – көне гректің «миссия» деген сөзінен шыққан. Сөзбе-сөз аударғанда «маңызды тапсырма немесе сәлемдемені жеткізу» дегенді білдіреді. Миссионерлер – өздеріне сенбейтіндерді белгілі бір дінге қабылдау міндетін қойған діни ұйымдардың қайраткерлері (мүшелері). Ілімдік тұрғыдан миссионерлік қызмет терминін қарастыратын болсақ келесі анықтамалар шығады: сенімді уағыздау (яғни, діни көзқарастар жүйесі); «Құдай патшалығын» тарату; басқа сенімдегі адамдарды сенімдеріне кіргізу; жаңа шіркеулерді құру.
Миссионерлік қызметке қатысты анықтамалар соңғы кездерде ғана шыққан. ХҮІ ғасырға дейін «mission» сөзі Үштік туралы ілімге «Әке өзінің Ұлын жіберді, ал Әке мен Ұлы Қасиетті Рухты жіберді» деген мағынада пайдаланылды. Христиандық сенімнің алғашқы таратушылардың қызметін «apostolatus» немесе «propagatio fidei» деп аталған. Уақыт өте келе осы терминдердің орнына «миссия» деген сөз келді. Шіркеу соңғы он бес ғасыр бойы «сенімді тарату», «Евангелияны жариялау», «шіркеулерді құру», «халықты сауаттандыру » және басқадай мағыналар пайдаланды.
Миссия сөзінің жаңа мағынасы батыстық империялық державалардың жаңа аумақтарды отарлау үрдісімен туындаған. Осы ке зең т арихи дамуында отарлау дәуірі және төтенше өкiлеттiктердi ие болу туралы идеялармен тығыз байланысты. Алыс жақтағы отарларға шіркеу өкілдерін жіберу әрекеттері маңызды болғаны соншалық, жіберілген өкілдердің есімдері мен олардың әрекеттерін анықтауына әсер еткен. Олардың жұмыст ары миссия, а л өздері миссионерлер деп аталып кетті. Осы мағынада ең бірінші иезуиттер орденнің негізін салушы Игнатий Лойола (1491- 1556) қолданған. Кейін келе Игнатий Лойоланың ізбасарлары осы терминнің мағынасын христиандық сенімді барлық адамдардың ішінде тарату деп кеңейткен болған.
Миссионер әрқашан діндар қауым арасында беделді тұлға болып саналған. Дәл миссионерлер адамдарды тарту және діни сенімін уағыздау үшін ұзақ сапарларға шыққан.
Миссия, шіркеудің пікірінше, кез келген сенушінің басты міндеттерінің бірі. Мәсіхтің шіркеуі миссияны таратушыға қызмет етудің ең маңызды нысандарының бірі ретінде ұсынады. Көптеген тарихшылар әлемді аралап, сенбейтіндерге тәлім беруге, оларға Жаратушының бар екендігінің құпиясын ашуға тырысқан.
Қазақстандағы миссионерлік қызмет ұғымы 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдағы миссионерлік қызмет бөліміндегі 8-бапта көрсетілген қағидалар арқылы реттеледі. Бұл бапта және осы Заңның басқа да баптарында шетелдіктерге, Қазақстан азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар заң аясында қызметін жүргізетін болса, миссионерлік қызметке рұқсат беріледі делінген. Бірақ ел азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi Заң шеңберінде тiркеуден өткен соң ғана жүзеге асыра алады.
Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тiркеуді жергiлiктi атқарушы органдар арнайы талаптарға сай рұқсат қағаз берген күннен бастап қана жүргізе алады. Егер миссионер ұсынған діни мазмұндағы материалдар мен діни мақсаттағы заттар дінтану сараптамасының оң қорытындысына ие болса ғана миссионерге оны қолдануға рұқсат беріледі.
Ерекше назар аударатын жайт, Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер жергiлiктi атқарушы органдарында жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №97 бұйрығына сәйкес жеке тұлғаларға «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Басқарманың дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтері баламалы түрде, яғни көрсетілетін қызметті беруші кеңс е сі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы неме с е «Элект рондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда облыс аумағындағы діни бірлестіктерде 8 азамат миссионер ретінде тіркеуден өтіп, қызметтерін атқаруда. Аталған миссионерлердің діни қызметі, яғни уағыздары мен өткізіп тұратын шаралары, дін істері басқармасымен тұрақты түрде зерделенуде. Зерделеу нәтижелерінің қорытындылары мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіретін, конфессияаралық және этносаралық төзімсіздікке шақыратын фактілер мен заңбұзушылықтар орын алған жоқ.
Айгүл КӘРІБАЕВА,
облыс әкімдігі дін істері басқармасының бас маманы.