Жаңалықтар

Елтаңба өзгермейтін болды

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның Елтаңбасын ауыстыру жөнінде мәселе жақын арада қаралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Vlast.kz басылымының хабарлауынша, мемлекеттік рәмізге жуық арада ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Оған жауапты ведомствоның ресми жауабы дәлел.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылатынын жеткізген.