Сарысулық қыз самбодан Азия чемпионы атанды
Қытайдың Макао қаласында ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан ұйымдастырылған Азия және Океания чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Жаһандық додада ел құрамасы сапында спорттық самбодан 65 келіде бақ сынаған Асылжан Орынбасарова Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, үш күнге созылған бәсекеде Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ел құрамасы спорттық және жауынгерлік самбодан 15 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль олжалап, жалпы есепте топ жарды.