Үлестік құрылыстар туралы облыс тұрғындарының назарына! Үлескерлік құрылыстың қыры мен сыры
Үлескерлік дегеніміз – құрылысы аяқталмаған, көбінесе, тіпті әлі салынбаған құрылысқа болашақ сатып алушыларды тартып, олардың қаржысын пайдаланып, құрылыс жүргізу. Әдетте, құрылыс компаниясы үлескерлерді тарту туралы жарнама беріп, пәтер алғысы келетін азаматтардан өздері таңдаған болашақ пәтер құнының кем дегенде жартысын алдын ала алып алады. Қалған қаржыны болашақ пәтер иесі құрылыс біткен мерзімге дейін арнайы жасалған кесте бойынша төлеп бітуі тиіс.
Төлеп біткеннен кейін азамат құрылыс компаниясы алдында өз міндетін толықтай орындаған болып есептеледі. Құрылыс компаниясы үйді салып бітіп, пәтерді ақшасын аударып қойған азаматқа аударып беруі тиіс. Құқықтық тұрғыдан Қазақстан Республикасының Электронды үкіметінің мәліметінше, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі Заңына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу – тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа негізделген қатынастары. Жай сөзбен айтқанда, сіз ақша төлейсіз, ал сізге үй салып береді.
Жаңа пәтерді құрылыс кезеңінде сатып алу барысында аса мұқият болыңыз. Мұндай ұсыныстарды жасау құқығы барлық құрылыс компанияларына берілмеген. Мемлекет дәл осындай келісімді жасауға қажетті құжаттар мен шарттарды қатаң түрде реттейді.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісімшарт жазбаша түрде жасалады және жергілікті атқарушы органында оның есепке алу сәтінен бастап жасалған деп есептеледі. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мақсатында келісімшарт жасасуға ниетті жеке және заңды тұлғаларға құрылыс объектісі туралы толық ақпарат беруге міндетті. Құрылыс салушы компания уәкілетті органның рұқсатын алған соң ғана үлескердің қаржысын тарта алады.
Үлескер мен құрылыс салушы компанияның келісімшарт бойынша міндеттері қандай?
Үлескер құқығы:
– үлескер құрылыс салушы компаниядағы келісімшартта көрсетілген міндеттемелердің тиісті деңгейде орындалуын талап ете алады;
– ҚР азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу құқығы туралы шарт талап етуге;
– құрылысқа жауапты компаниядан тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға жасалған келісімшарттың талаптарының орындалуын талап ете алады.
Үлескер міндетті:
– үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасын төлеуі шартта белгіленген мерзімде төлемдерді құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның банктегі шотына енгізу арқылы жүргізіледі;
– келісімшартта көрсетілген міндеттерді орындау;
– уәкілетті компаниядан тұрғын үй үлесіндегі пәтер немесе нысанды қабылдап алу актысы толтырылғаннан кейін 30 күн ішінде құрылыс компаниясы тарапынан ескертпе алған соң үлесін беру туралы келісімшартқа қол қойылады;
– егер мекенжайы немесе тағы да басқа мәліметтері өзгерген жағдайда уәкілетті ұйымды 30 күн ішінде жазбаша түрде ақпарат беру.
Ал құрылыс компаниясы өз кезегінде нысанның уақытылы аяқталуын және сапасының келісімшартта көрсетілген талаптарға сай болуын қамтамасыз етеді.
Құрылыс салушылар жаңа ғимараттардағы шаршы метрді ресми түрде тек тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша сатуға міндетті. Сондықтан заңға сәйкес, сіз тек осы келісімге қол қоя аласыз. Кейіннен аталған құжат «Қазреестр» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті әкімдікте тіркелуі тиіс. Келісімді тіркеу кезінде тұрғын үй сатып алушының заңды түрде үлескер екенін растайтын тиісті үзінді көшірме беріледі. Осылайша, сатып алушы өзін-өзі алда туындауы мүмкін тәуекелдерден барынша қорғай алады. Әдетте, мұндай келісімдер бойынша, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» (ҚТК) - бірыңғай операторының атынан мемлекеттік кепілдік немесе үлескерлер қаражатын тарту жөніндегі жергілікті әкімдіктің рұқсаты қарастырылған.
«Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы (ҚТК) әзірлеген homeportal.kz «Тұрғын үй порталы» (Жилищный портал) ақпараттық жүйесі, 2021 жылдан бастап қолжетімді болып келеді (қосымша QR-код тіркеледі).
Осы жүйенің негізгі элементтерінің бірі «үлестік құрылыс объектілері» бөлімі. Онда кез келген азамат әкімдіктің тиісті рұқсаты немесе үлескерлердің қаражатын тартуға ҚТК кепілдігі бар барлық заңды салынып жатқан үлестік құрылыс объектілері туралы ақпарат ала алады. Объектілер бойынша деректер «Қазтізілім» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінен келіп түседі.
Сонымен қатар, тұрғын үй порталында әкімдіктің тиісті рұқсатынсыз немесе ҚТК кепілдігінсіз үлескерлердің қаражатын тартатын құрылыс салушылар туралы ақпарат жарияланады (бұл ақпаратты әкімдіктер ұсынады).
Осылайша, тұрғын үй порталы азаматтарды тұрғын үйдің үлестік құрылысын заңсыз жүзеге асыратын құрылыс салушылардан қорғауға мүмкіндік береді.
Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ,
облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.