Жаңалықтар

Тазалық мәселесі тасада қалмауы тиіс

The final spritzer

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аймақта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар аз емес. Десек те, тазалықпен қатар тағылымы мол іс-шараға белсенділік танытып отырған аудандармен қатар, бейжай қарап отырғандар да бар екен. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жан-жақты талқыланып, аймақ басшысы жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.