Әдебиет

Ел танитын таланттардың ең қысқа туындылары

Қазір Әуезовтың том-том «Абай жолын», Нұрпейісовтың «Қан мен терін», Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігін» оқып отыратын оқырман бар ма, жоқ па белгісіз. Бұл – басы ашық ащы сауал. Дегенмен Чеховтың әйгілі максимумын бәрі біледі, ол «Қысқалық – таланттың қарындасы» деп кесіп айтқан еді. Бұл тұста әлемде әйгілі туындыларын барынша қысқа қайыратын қаламгерлер де аз емес.