Жаңалықтар

23 маусым – Қазақстан полициясы күні

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті №58 мекемесінің қызметкерлері 23 маусым- Қазақстан полициясы күнін атап өтті.

Мерекелік жиында мекеме басшылығы жеке құрамды атаулы күнмен құттықтап, тілектерін арнады.

Тарихқа жүгінсек, 1992 жылғы 23 маусымда Жоғарғы кеңес “Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы” Заң қабылдады, ол біздің мемлекетіміздің тарихында полицияның міндеттері мен функцияларын, оның құқықтары мен функцияларын анықтаған, полицияның практикалық қызметі үшін құқықтық алаңды қалыптастырған алғашқы акт болды. Ішкі істер органдары қызметінің негізгі қағидаттары ретінде Заң жариялылықты, заңдылықты және ең бастысы азаматтардың құқықтарын құрметтеу мен сақтауды бекітті.

Бүгінде ішкі істер министрлігі – елдегі ең көпфункционалды мемлекеттік органдардың бірі, онда 140 мыңға жуық қызметкер, құтқарушылар мен Ұлттық ұлан жауынгерлері қызмет етеді.